«Балдаурен» жазғы сауықтыру орталығы
2026 жылдың 16 маусым күні «Балдаурен» сауықтыру орталығында күн қызықты, көңілді әрі мазмұнды өтті.Таңертең балалар сергіту жаттығуын жасап, көтеріңкі көңіл күймен күндерін бастады. Кейін қазақ тілі сабағына қатысып, белсенділік танытты.
Шығармашылық сағатында тәрбиеленушілер «Менің отбасым» тақырыбында сурет салып, өз отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі. Сонымен қатар балалар таза ауада асфальтқа сурет салып, қиялдары мен өнерлерін көрсетті.
ДПИ (сәндік-қолданбалы өнер) үйірмесінде балалар қағаздан ұшақ пен кеме жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен шеберліктерін көрсетті. Жасаған бұйымдары балаларға ерекше қуаныш сыйлады.