«Әжелер мектебі»
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ жанындағы «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы игі жұмыстарын жалғастыруда.
Осы мақсатта «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалып жатқан балаларға арналған «Өнегелі 15 минут» тәрбиелік шарасы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы–«Қымызға арналған ағаш ыдыстар».