Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ұлттық мәдениет — ұлт рухының негізі

 

«Шабыт» жобасын іске асыру аясында мектебімізде «Ұлттық мәдениет» бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бастамаға сәйкес әр жұма сайын педагогтер мен білім алушылар мектепке ұлттық киіммен келеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, жас ұрпақтың бойына халқымыздың салт-дәстүріне, тарихына және рухани құндылықтарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Ұлттық киім – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылар ұлттық болмысты тануға, ата-баба дәстүрін қадірлеуге және ел мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиеленеді.

Мектеп ұжымы мен білім алушылары бұл бастаманы белсенді қолдап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосуда.

Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме:
https://www.facebook.com/KGUStavropolkaSH/posts/pfbid0258FpMGLvWftP1F6SuwKHh55KzGgm4GNH5Jmuj6NbjD4SpzqaCCZ6ZchnRF8Ns9P5l 

#Адал_азамат
#кгуставропольскаясш
#ШАБЫТ



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено