Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау мақсатында 3-4-сынып оқушылары арасында «Болашақ біздің қолымызда» атты экологиялық квест өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар бекеттерде түрлі тапсырмаларды орындап, табиғи ресурстарды үнемдеу жолдары, қоқысты бөлек жинаудың маңыздылығы және экологиялық қауіпсіз өмір салты туралы мағлұмат алды. Балалар белсенділік, тапқырлық және ұйымшылдық танытып, ұсынылған тапсырмаларды сәтті орындады.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырып, планетаның болашағы әрқайсымызға байланысты екенін түсінуге мүмкіндік береді.
С целью формирования экологической культуры и бережного отношения к природе среди учащихся 3-4 классов был проведён экологический квест «Будущее планеты в наших руках».
В ходе мероприятия дети выполняли задания на станциях, узнавали о способах сохранения природных ресурсов, важности раздельного сбора мусора и экологически безопасного образа жизни. Ребята проявили активность, смекалку и командный дух, успешно справляясь с предложенными испытаниями.