Аулаларды су басудың алдын алу мақсатында Калинов атындағы орта мектеп КММ қызметкерлері Целинная және Шарықская көшелерінің бойындағы белгіленген аумақта рейд жүргізді. Қауіпті аймақта тұратын тұрғындармен су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы әңгіме жүргізіліп, су тасқынының алдын алу бойынша ұсыныстар, аула аумақтарын су басқан жағдайда нұсқаулықтар жазылған парақшалар таратылды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде эвакуациялау пункті Калинов орта мектебінде орналасқаны туралы ақпарат жеткізілді.