Мәнерлеп оқу байқауына қатысу әркімге мәнерлеп оқу дағдыларын жүзеге асыруға және көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан халқы Тілдері күнінің онкүндігі аясында 2022 жылдың 8 қыркүйегінде "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің 6-8 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсыновтың шығармаларынан үзінділер бойынша қазақ және орыс тілдерінде "Ол - дәуірдің ар-ожданы, тағдыры" мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 7 "А" сынып оқушысы Талғатов Абумансур және 7 "В" сынып оқушысы Выхристюк Дмитрий жүлдегер атанды. Оларға грамоталар мен сыйлықтар, сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар мен тәтті сыйлықтар берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!