Волонтерліктің негізгі қағидаттарының бірі - өзгелермен жақсылықпен бөлісу!
Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы 15 наурызда "Рузаевка орта мектебі" КММ "Ашық жүрек" фракциясының қатысушылары Табашников Валерий, Барц Евгений аға тәлімгер Т.А.Гюнтнердің жетекшілігімен #Наурыз #Көмек челленджіне қатысып, зейнеткер Т.И.Федотоваға үйге іргелес аумақты қардан тазартуға көмек көрсетті. Жасалған барлық жақсылық міндетті түрде оралады!