ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бірыңғай сынып сағаты
2021 жылдың 30 қарашасында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ 1-11 сынып жетекшілері ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бірыңғай сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қалыптастырудағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін ашу;
-оқушылардың сөйлеуін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту,- ой-өрісін кеңейту;
- Тұңғыш Президент үшін мақтаныш сезімін, отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.