Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні
2021 жылдың 25 қарашасында "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне арналған презентацияны ұсынды.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық - адам құқықтарын бұзудың ең көп таралған түрі. Зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздарды теңдік пен қауіпсіз өмір сүру құқығынан айырады, адамның қадір-қасиетін төмендетеді және негізгі бостандықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді. Зорлық-зомбылық гендерлік дискриминацияның түрі ретінде, ең алдымен, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікке негізделген. Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және, әрине, өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізе аламыз.
Зорлық-зомбылықтың таралуы туралы болжам алаңдаушылық туғызады. Оның үстіне, ресми статистика орын алған зорлық-зомбылықтың барлық фактілерін қамтымайды. Зорлық-зомбылыққа тап болған жандар болған жайттарды үн-түнсіз қалдырып, стигма мен ұяттан аулақ болуға тырысады және әділет жүйесі зорлық-зомбылық жасаушыны жазалай алмайды деп сенеді. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық белгілі бір әлеуметтік немесе экономикалық сипаттамалармен шектелмейді және кез-келген әйелдің немесе қыздың өмірінде өзінің қара ізін қалдыруы мүмкін.
Осы күні біз барлығыңызды зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамауға, оны үн-түнсіз қалдырмауға, зорлық-зомбылықтан аман қалғандарды сөкпеуге, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шақырамыз.