"Латын тілінде 100 сөз"
Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің мақаласында таяу жылдардағы міндеттердің бірі-қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру екендігін атап өткен болатын. Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам.
Осы мәселені негізге ала отырып, 2021жылдың,24 қарашасында "Калинов орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 8-11сыныптар аралығында "Латын тілінде 100 сөз" атты білгірлер байқауын өткізді.
Мақсаты: Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы оқушыларға ақпарат беру. Елдің дамуы жолында болып жатқан жаңалықтармен ақпараттандыру. Отансүйгіштікке, тіліміз бен тарихымызды құрметтеуге баулу. Байқау барысында оқушылар: пікірталас, сөз жарысы, диктант, сұрақ-жауап жұмыс түрлерін атқарды. Бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, өз бағаларын жазып қалдырды.
Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуды қазақ елін осы биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз.



