Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Латын тілі: әлемдік ақпараттық кеңістікке ену»

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ халқының тарихи - мәдени мұрасын сақтау, жазбаша мұраны насихаттау, «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасын жүзеге асыру мақсатында Новоишим ауылдық кітапханасында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ 6 сынып оқушыларымен «Латын тілі: әлемдік ақпараттық кеңістікке ену» ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға еліміздің одан әрі дамуы үшін қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, латын қарпіне көшумен байланысты мемлекетіміздің даму перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, жаңа енгізілімнің басты артықшылықтарының бірі мемлекеттік тілді латын қарпімен оқып-үйрену кезінде әлемдік қауымдастық қазір айтып, жазып отырған ағылшын тілін меңгеру оңай болатынын айтып өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено