«Бала құқығы-адам құқығы» республикалық айлығын ұйымдастыру және өткізу аясында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ «Менің өмірлік құндылықтарым» «Құқықым бар» атты тренингі өткізілді.
Тренинг адамгершілік құндылықтарды таңдау мәселесіне арналған. Бұл мәселе қазіргі уақытта өте өзекті. Әлеуметтанушылардың пікірінше, қазіргі жастар үшін материалдық және тұрмыстық құндылықтардың маңызы артып келеді, жеке өмірлік мотивтер мен экономикалық мақсаттар басым. Қазіргі жастардың құндылық бағдарларының құрылымында құндылықтар-мақсаттар емес, құндылықтар-құралдар басым. Тренинг сценарийі балалардың шынайы және қиялдағы құндылықтар тақырыбында қарым-қатынасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өмірлік мақсаттар мәселесі көтеріледі. Негізінен әңгіме түрінде құрылады.
Мақсаты: балаларға адамгершілік құндылықтар туралы алғашқы түсінік беру; шынайы және қиялдағы құндылықтарды ажырата білу қабілетін қалыптастыру; өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға ынталандыру; өз өміріне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге ықпал ету. Барлығы 15 адам қамтылды.