7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне 5-6 сынып оқушылары "Мен армияда қызмет етемін!" онлайн-суреттер көрмесіне қатысты.
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!" тақырыбында бейнероликтер жасады.
Новоишим қазақ орта мектебінің 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық - патриоттық челлендж " Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ"
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br />Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Новоишим қазақ орта мектебінің "Бірлік" этно-мәдени бірлестігінің 1 мамыр күнімен құттықтауы.
Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 1-11 сыныптарда «Достық күші – бірлікте» тәрбие сағаттары өтті.
2021 жылдың 26 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br /> Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Бірлік күні аясында интернат тәрбиешісі Г.Қ. Увалиеваның жетекшілігімен оқушылар арасында "1мамыр - Ынтымақ, Бірлік, Достық кепілі " атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар мерекеге байланысты суреттер салып, шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне көңіл күй көтеретін жақсы лебіздерін білдіре білді.
Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тəрбиеленушілерімен А.Ж. Байгарина "Мен жəне мені қоршаған орта" атты тəрбие сағатын өткізді. <br />Мақсаты: тəрбиеленушілердің табиғат жəне оның əсемдігі мен байлығы туралы білімдерін сарапқа салу; олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; халық даналығы, өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғауға, аялауға тəрбиелеу.
Чернобль АЭС-ғы ядролық апаттың 35- жылдығына орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітапханада тақырыптық көрме ұймдастырылды. Сонымен <br />қатар 5-11 сыныптарда «Чернобыль - апат, ерлік, ескерту» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де жоспарға сәйкес 1-4сыныптар «Экология және мен» тақырыбында сурет байқауына, ал 5-10 сыныптар плакаттар байқауына қатысты. Мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.