21 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Новоишим станция желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында темір жол көлігі аймағының қауіпті аймақ екендігін әрқашан естен шығармауы керек екенін, қалыптасқан ережелердің бұзылуы, жеке абайсыздық пен жайбарақаттық қатты өкінішке соқтыруы , жарақаттануы мен апатына ұшыратуы мүмкін деп оқушыларды ескертті.
«Bilim Land», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Елбасы Академиясының ұйымдастыруымен пандемия жағдайындағы 2020-2021 оқу жылын қорытындылауға арналған республикалық онлайн конференцияға Солтүстік Қазақстан облысынан 3 мұғалім шақырылса, соның ішінде екеуі Новоишим қазақ орта мектебінің алгебра және геометрия пәні мұғалімдері Идирисова Аманкүл Райымбекқызы және Нугуманова Ағайша Қоспанқызы. Аталған ұстаздар қашықтық оқыту кезінде «Bilim Land» платформасын маңызды пайдаланып, оқушыларға тиянақты білім бергені үшін «Үздік ұстаз» атағына ие болып, ұйымдастырушылардың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Ұлағатты ұстаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!!!
Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы жедел психологиялық қызмет көрсететін «Балалар мен жасөспірімдерге арналған психологиялық көмек телефоны» Қызметі жұмыс атқарады. Қызметтің негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің қалыпты жеке дамуы, олардың құқықтарын сақтау үшін жағдайлар жасауға үлес қосу.
20 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 8-11 сынып қыздары Нұрсұлтан қаласының дәрігер- дерматовенеролог О.В Бондарчуктің СӨС тақырыбында өткен онлайн-конференцияға қатысты. Қыздар репродуктивті денсаулығын сақтау тұрғысынан көптеген пайдалы ақпарат алды.
20 мамыр күні рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де аға тәлімгер Еслям Э.Г- ның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылар арасында "ҚР Мемлекеттік рәміздері" тақырыбында викторина өтті. Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
#Руханижаңғыру
#мемлекеттікрәміздері
20 мамыр күні "Оқырман мектеп" жобасы аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен 3 сыныптар арасында "Кітап -алтын қазынам" тақырыбында викторина өтті. Мақсаты: мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
#оқырманмектеп
#Руханижаңғыру
Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жандыра түседі.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айының 5 күні “Ұранды елдің - ұрпағы қайсар” әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау.
#Руханижаңғыру
#патриоттықәндер
15 мамыр - халықаралық отбасы күніне Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары " Менің бақытты отбасым" фотоколлаж және сурет байқауына қатысты.
15 мамыр - халықаралық отбасы күніне Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары " Менің бақытты отбасым" фотоколлаж және сурет байқауына қатысты.
#халықаралық отбасыкүні
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Чаглинка ауылында орналасқан жоғары агротехникалық колледждің оқытушылары 12 мамыр күні, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқутышылары 13 мамыр күні 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: мектеп оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауына көмектесу.
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде", "Менмақтан тұтамын" тақырыбында бейнероликтер жасады.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Көрменін мақсаты: Оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.