"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Туған жер" арнайы жобасын іске асыру мақсатында 28 қаңтар күні 1 "Ә" сыныбында сынып жетекші С.Ж.Алгожинаның жетекшілігімен " Бір шаңырақ астында" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасының аясында жас ұрпақ арасында Ахмет Байтұрсыновтың бай мұрасын насихаттау, шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамдарын дамыту, дарынды оқушыларды анықтап,оларды өнерге тарту мақсатында 27 қаңтар күні 6-11 сынып арасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынов - ел мақтанышы" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Гран при иегері -Дауенова Айша / 6 А сынып/. 1- ші орын - Жүзбай Азат/ 7 ә сынып/. 2- ші орын- Майраш Құдіре/ 8 ә сынып/. 3- ші орын - Усербай Бақдаулет / 8 ә сынып/, Амангелді Қарақат /6 а сынып/
Новоишим қазақ орта мектебінде өзін- өзі басқару ұйымының құқық және тәртіп фракциясының мушелері аға тәлімгер жетекшілігімен 2-11 сыныптар арасында оқулықтарды тексеру бойынша рейд жүргізді. Мақсаты: оқушыларды оқулықтармен дұрыс және ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.