16 маусым күні біздің ауданымызға Петропавл қаласынан «Туған жер» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған экспедициялық топ келді. Жалпы біздің ауданымызбен танысуы Шұқырколь ауылынан басталды, яғни экспедициялық топ Шұқыркөль ауылына барып, сол ауылдын құрметті тұрғындары туралы презентация тамашалады. Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес олар аудандық мәдениет үйінде орналасқан мұражайға барып, мұражай қызметкерлерінен толық ақпарат ала алды.
10 маусым күні жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан өмір жолының алғашқы қадамында тұрған Новоишим қазақ орта мектебінің жас түлектері қолдарына негізгі мектеп бітіргендері туралы аттестаттарын алды. Осындай салтанатты сәтке жету үшін түлектеріміз «Үміт» кемесінің 2017-ші рейсіне мініп, мұхит саяхатына баруға тура келді, ал оның болу ұзақтығы мектеп өмірінің 11 жұлдызды жылына сәйкес келді. Яғни әр аялдамада түлектерімізді әр–түрлі сәттер күтіп тұрды.
2017 жылдың 4 маусым күні Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы қолдарына көк, сары түсті шарлар, жалаушалар және «Рәміздер- ел беделі» атты лозунг ұстап, ал мектеп оқушылары көк түсті кепка, көк футболка және джинсы киіп ҚР рәміздерінің 25 жылдығына арналған аудандық шеруге қатысты.
<p>Новоишим қазақ орта мектебінің 1 маусым Халықаралық балалар күніне және «Қарлығаш» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мектеп алаңында өткізілген мерекелік іс-шараға даярлық сынып және 1-4-сынып оқушылары қатысты.</p>