Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.11.2025

13 қараша күні аудандық мәдениет үйінде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

9-сынып оқушысы Гусейнова Айнур жүлделі 3-орын алып, дипломмен, естелік сыйлықпен және ақшалай сыйақымен марапатталды!

13.11.2025

«Пески орта мектебі» КММ-нің 9–10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Мемлекеттік рәміздер: тарихы және заманауи мәні» тақырыбындағы пікірталас ойынына қатысты.

<div>Іс-шара барысында оқушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызын талқылап, өз пікірлерін дәлелдеп, рәміздердің ел азаматтары үшін маңызы жөнінде ой бөлісті.</div><div>Пікірталас ойыны мемлекеттік рәміздер туралы білімді тереңдетуге, сыни ойлау мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ патриотизмді, азаматтық ұстанымды және мемлекеттік әрі мәдени құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.</div>

11.11.2025

2025 жылдың 11 қарашасында «Пески орта мектебі» КММ-де «Адал Азамат» бағдарламасы аясында және «Бүкіләлемдік бала күніне» орай 3–10 сынып оқушылары арасында «Өзіме хат: Мен отбасымда нені өзгерткім келеді?» атты акция өткізілді.

Мақсаты: балалардың өз құқықтарына, отбасына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға, эмоциялық сауаттылығын дамытуға, қоршаған ортамен, жақын адамдарымен өзара қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ қауіпсіздік пен амандық сезімін нығайтуға жағдай жасау.

11.11.2025

Өзіме хат

Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Менің күнім, менің құқықтарым" іс-шаралар жоспарына сәйкес "Өзіме хат: Мен өз отбасымда не өзгерткім келеді?" атты акция өткізілді .