КММ «Сарыадыр бастауыш мектебі»
9 қаңтар күні Сарыадыр бастауыш мектебінде «Көңілді аққала» атты қар фигураларының отбасылық байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларды дәстүрден тыс бейнелеу әдісі арқылы (саусақпен сурет салу) аққаланың суретін салуға және қыс мезгілінің ғажайып сәттерін байқай білуге үйрету. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалыстарын жетілдіру, тілдерін дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
КММ «Сарыадыр бастауыш мектебі»
8 қаңтар күні Сарыадыр бастауыш мектебінде «Менің отбасым-бақыт мекенім» атты онлайн шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
Мақсаты:
1. Шығармашылық ойлауын дамыту;
2. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту;
3. Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
КММ «Сарыадыр бастауыш мектебі»
7 қаңтар күні Сарыадыр бастауыш мектебінде «Конструкторлар мен құрастыру» атты онлайн көрме ұйымдастырылды.
Оқушылар өздерінің қиялдарына ерік беріп, конструкторларды құрастырып кішігірім көрме ұйымдастырды.
Мақсаты:
1. Балаларды құрастыру арқылы қол-моторикаларын дамыту, ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттау;
2. Шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту;
3. Балаларды ұқыптылыққа, әдемі және көркем құрастыруға тәрбиелеу.