8 мамыр күні ауылдың орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
"Балалар жылына", Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай –ақ кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда Новоишимское ауылында оқушылар үшін экскурсия өткізілді. Балалар МҮ,АІІБ,сондай-ақ өрт сөндіру бөліміне барды.
4-6 мамыр аралығында Петропавл қаласында 2007 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты өтті. Жаттықтырушы А. Зардыханұлының басшылығымен команда құрамына біздің мектептің балалары кірді. Ойын қорытындысы бойынша команда 2-орын алды. Құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!
"Жақсылық апталығы" акциясы аясында "Бірлік" еріктілер жасағының мүшелері ауылдың жалғыз басты зейнеткерлеріне көмек көрсетті.