Меню KDT

Новости

Главная Новости

16.05.2022

«Өмір сүр, жер!»

Балалар жылын мерекелеу, «Өмір сүр, жер!» республикалық экологиялық акциясы  аясында  « Новоишим қазақ  орта мектебі» КММ- нің   мектеп парламентінің мүшелері  мектеп аумағын қоқыстан тазалауға қатысып, гүл отырғызу үшін гүлзарларды  қазды.

16.05.2022

"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер"

Балалар жылы, ДДҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 13 сәуір күні 2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің ұйымдастыруымен волейболдан орталық мектептер мен НАТК командаларының шақырылуымен жолдастық кездесу өткізді.

16.05.2022

«Түлектер аллеясына»

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік....

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс.
Балалар жылын мерекелеу, «Өмір сүр, жер!» республикалық экологиялық акциясы аясында , балалықтың бал дәуренімен қоштасып, алтын ұя мектептен қанат қағып ұшар сәтте 2022 жылдың 13 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің түлектері «Түлектер аллеясына» өз үлесімізді қосу- ең басты міндетіміз деген мақсатпен мектебіміздегі аллеяны кеңейтіп, «Түлектер аллеясына» көшеттерді отырғызу науқанына белсенді атсалысты. Сонымен қатар аталмыш акциясына аудандық «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Сапанов Б.А., қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сеитова Н.Ж., мектеп әкімшілігі қатысты.

16.05.2022

" Ата-аналарға қоңырау шал "

Халықаралық Отбасы күнін ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де мектеп парламентінің мүшелері " Ата-аналарға қоңырау шал "акциясын өткізді.