Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.06.2022

"Рухани жаңғыру"

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде, "Балалар жылы- 2022" аясында 2022 жылдың 28 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің 4 а, 4 ә сынып оқушылары сынып жетекшілері, ата- аналарымен бірге Петропавл қаласына экскурсия жасады. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз ауылына, қаласына, өлкесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен тұрмысына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында біз бірінші " Абылайхан резиденциясы" мұражайлық кешеніне бардық. Музей - ел тарихы, ұлттың көне менталитеті, дүниежүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер.Сонымен қатар оқушылар Петропавлдағы ботаникалық баққа барды. Оранжереяны тамашалауға барған балалар өзіне қызықты мағлұмат ала алды. <br />Ал " Нептун" ойын- сауық аквапаркінде балалар тамаша демала алды. Жалпы аталмыш экскурсия әр баланың көңілінен шықты.

02.06.2022

Тоқсан би

Бүгін Бірлік ауылдық кітапхана меңгерушісі Муравьева Валентина Романовнаның ұйымдастыруымен Бірлік орта мектеп оқушылары және ұстаздары Тоқсан би Жабайұлының кесенесіне барды. Тоқсан би туралы мәліметтермен тарих пәнінің мұғалімі Тайжанов Әділ Сәкенұлы таныстырды