Меню KDT

Новости

Главная Новости

04.06.2022

"Алау" облыстық әскери-спорттық ойыны

31 мамыр мен 3 маусым аралығында Петропавл қаласында " Алау "облыстық әскери-спорттық ойыны өтті. 8-сынып оқушысы Мақсат Нағашбай біздің ауданымыздың команда құрамына кіріп, 2 шақырым кросста үздік нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда барлық байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп,1-орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

04.06.2022

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығы

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығын мерекелеу аясында 4 маусымда салтанатты жиында педагогикалық ұжым мен оқушылардың Әнұранды бірыңғай орындауы ұйымдастырылды. Жиыннан кейін балалар әртүрлі жас санаттары бойынша спорттық жарыстарға қатысты.

03.06.2022

Мемлекеттік рәміздер-менің ерлігім

3 маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес "Менің елімнің рәміздері" әңгімесі және "Мемлекеттік рәміздер-менің ерлігім"интерактивті викторинасы өткізілді. Іс-шаралардан кейін таза ауада серуендеу ұйымдастырылды.

03.06.2022

"Балалар жылы-2022"

"Балалар жылы-2022", Халықаралық Балалар Қорғау күні аясында " Жастар" стадионында  Новоишим  қазақ орта мектебінің ұжымымен  оқушыларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс- шара  флешмоб -  жаттығудан басталды.Содан кейін жиылған оқушылар 4 бекеттерге бөлінді. Әр бекеттегі оқушы 4 түрлі қызықты  ойындарға қатысып, өз  мүмкіндіктерін көрсете білді. Сонымен қатар "Әке, шеше және мен" отбасылық жарыста мектебіміздің 1 ә сынып оқушысы Иманали Амантаевтің   отбасы, " Барыс" командасы 1 жүлделі орынды иеленді. " Қызылжар" шағын орталығының тәрбиеленушісі Алтаева Айым, тәрбиеші Нурман А.С жетекшілігімен " Әнші балапан" байқауына қатысып, мадақтамен марапатталды.Сонымен қатар  қыздар үшін кішкентай ханшайымдарға арналған салон ұйымдастырылды, онда салон шеберлері қыздарға сәнді шаш үлгілерін, сондай-ақ мерекелік бет бояуын үлкен ықыласпен ұсынды.Іс- шара Попурри биімен аяқталып , барлық қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.    

03.06.2022

«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым»

31 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 31 мамыр - Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. <br />Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.

03.06.2022

«Бақытты балалық шағым»

2022 жылының 27 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 2-3сыныптар арасында  «Бақытты балалық шағым»  атты сурет байқауы ұйымдастырылды.