19 сәуірде мектептің кәсіби бағдар беру жұмысы аясында әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен кездесу өтті. Балалар Бірлік ауылдық округінің әкіміне, кітапханаға және фельшер-акушерлік пунктке барды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру және "Патриот" әскери-патриоттық акциясын өткізу шеңберінде аға тәлімгер К.В. Шельгорн басшылығымен "Бірлік" волонтерлік жасағының мүшелері жалғыз тұратын зейнеткерлерге аумақты тазалауға көмектесті.
Бастауыш сыныптардың онкүндігіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-сыныпта "Бекіту" тақырыбында математикадан ашық сабақ және "Ойлан, сана, тап" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
18 сәуірде география пәнінің мұғалімі Т. М. Лукьянова география және тарих пәні мұғалімдеріне арналған"Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы география сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту" тақырыбындағы аудандық семинарда өз тәжірибесімен бөлісті.
«Сарыадыр бастауыш мектебі» КММ
2021-2022 оқу жылы

18 сәуір күні "Сарыадыр бастауыш мектебі» КММ-де бастауыш сынып оқушылары арасында «Соғыссыз әлем» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.