4 маусым 2022 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық аланыңда өткен салтанатты жиынға Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы белсенді қатысты.
3 маусым күні мектеп психологі М.Берденованың ұйымдастырылуымен «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық компаниясы туралы брошюра таратылды.
3 маусым күні 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында "Мен батыр баламын" атты дамыту сабағы өтті.Оқушылар кітапханада батырлар туралы кітаптарды қызықтап оқып,танысты.Өз ойларымен бөлісіп,бір-бірімен пікір алмасты.
3 маусым 2022 жылы Балалар жылы және Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 2-4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен табиғатқа шықты. Таза ауада оқушылар әр түрлі ойындар ойнап, демалып, жақсы көңіл күй мен әсер алды.
2 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатованың ұйымдастырылуымен 6-8 сынып оқушыларына «Отбасылық құндылықтар мен бақытты балалық шақ» атты бейнеролик көрсетілді.
2.06- 3.06 2022 жылы " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жазғы мектеп аясында сабақтар дәстүрлі емес форматта өтуде. 5-6 сыныптар арасында дискотека және караоке, 7-10 сыныптар арасында волейболдан спорттық жарыс өтті. 8 сыныптар биология пәнінен таза ауаға шығып, қазақ әдебиеті сабағында тарихи фильмдерді тамашалады.
2 маусым күні мектеп психологі А.Жахинаның ұйымдастырылуымен 2-3 сыныптар арасында «Шекарасыз балалық шақ» атты асфальтқа суреттер салынды. 27 оқушының қатысты.
Балалар жылы, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Менің ауылым" атты тақырыбында сынып жетекшілер мен мектеп кітапханашысының жетекшілігімен 1-4 сынып арасында асфальтта сурет салу байқауы өткізілді
2 маусым күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен «Балалар жылы-2022», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында " Жазғы мектеп" кезінде «Кітап әлеміне саяхат» атты сайыс ұйымдастырылды.<br /><br />Мақсаты: Балаларды озық ойлы оқушы етіп тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға баулу.
Бірлік ОМ білімдегі олқылықтарды жою бойынша 1-8-сынып оқушыларына арналған "Жазғы мектеп" жұмысын жалғастыруда.