16 маусым күні 9 және 11-сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестаттар табыс етілді. Мектеп директоры С. Б. Ахметова балалар мен ата-аналарды осы мерекемен құттықтап, 2022 жылғы түлектердің ата-аналары мен сынып жетекшілерінен алғыс сөздер айтылды.
Балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша тұжырымдама шеңберінде "Менің отбасым – ең үздік" әңгіме және "Менің отбасым" суреттер конкурсы өткізілді
13 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Балалар жылы-2022", Рухани жаңғыру бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында жазғы мектеп аясында сынып жетекшілердің ұйымдастырылуымен 5-6 сыныптар арасында "Квест" ойына өтті. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен математика пәндерінен әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындады. Мақсаты: топта жұмыс істеуге үйрету. Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
13 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ мектебі" КММ-де мектеп жанындағы «Қарлығаш» лагерінің екінші кезеңінің ашылуы ойын түрлері арқылы жаңадан келген балалармен танысу арқылы өткізілді. Балалар өте көңілді күйде бір-бірімен араласып ойнады. Жоспар бойынша «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында әңгіме-дебат ұйымдастырылды. <br />Әр бала өзінің отбасы туралы, отбасындағы дәстүрлер, есте қаларлық жайттар, сәттер туралы өз ойларын ортаға салып әсерлі әңгімелерімен бөлісті.Келесі кезеңде әр бала өз отбасын ақ қағаз бетіне түсіріп, бейнеледі.Салған суреттерін тақтаға іліп, риза болды. Сонымен қатар балалар мектепте құрылған кинотеатрда өздерінің ұнаған мультфильмдерін көріп тамашалады. Мақсаты: отбаслық қарым- қатынасты нығайту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
10 маусымнан 13 маусымға дейін 2022 жылы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 1-10 сынып оқушылары "Зиянды әдеттерге "Жол жоқ" тақырыбында сурет салды. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу.
10 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де жазғы лагерь аясында "Тапқыр достар" танымдық ойыны өтті. Балалар жазушылардың демалыс туралы ән, жыр, тақпақ, өлеңдерін мәнерлеп оқып, нақышына келтіріп, жатықты. Қысқа өлең жолдарын кезекпен жұптасып "Мнемотехника" әдісі бойынша жарысып оқыды. Сонымен қатар мектеп мұражайына барып, еліміздің ежелгі көне жасау жабдықтарымен,ыдыс-аяқтарымен, батырларымыздың әскери киімдерімен, зергерлік әшекей бұйымдарымен, киіз үй жабдықтарымен осылардың шығу тарихы мәлімет таныстырылды. Мектебіміздің 30жылдығына байланысты жасалынған естеліктер көрмесін тамашалап, мектебіміздің шығу тарихы туралы терең мәлімет алды.Мұражайға саяхат өте көңілді,тартымды өтті.<br />Соңында балалар серуенге шығып,доп ойнап тарқасты. Мақсаты: Әр түрлі ойындар ойнатып, би билетіп, ән айтқызу арқылы адамгершілікке, тату- тәтті болуға үйрету. Әр түрлі суреттер салғызу арқылы ой - өрісін, қызығушылығын арттыру.