Балалар жылын мерекелеу, «Өмір сүр, жер!» республикалық экологиялық акциясы аясында « Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің мектеп парламентінің мүшелері мектеп аумағын қоқыстан тазалауға қатысып, гүл отырғызу үшін гүлзарларды қазды.
Балалар жылы, ДДҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 13 сәуір күні 2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің ұйымдастыруымен волейболдан орталық мектептер мен НАТК командаларының шақырылуымен жолдастық кездесу өткізді.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік....

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс.
Балалар жылын мерекелеу, «Өмір сүр, жер!» республикалық экологиялық акциясы аясында , балалықтың бал дәуренімен қоштасып, алтын ұя мектептен қанат қағып ұшар сәтте 2022 жылдың 13 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің түлектері «Түлектер аллеясына» өз үлесімізді қосу- ең басты міндетіміз деген мақсатпен мектебіміздегі аллеяны кеңейтіп, «Түлектер аллеясына» көшеттерді отырғызу науқанына белсенді атсалысты. Сонымен қатар аталмыш акциясына аудандық «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Сапанов Б.А., қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сеитова Н.Ж., мектеп әкімшілігі қатысты.
Халықаралық Отбасы күнін ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де мектеп парламентінің мүшелері " Ата-аналарға қоңырау шал "акциясын өткізді.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.
Халықаралық Отбасы күні аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 3 сынып оқушылары "Анам, әкем, мен - бақытты отбасы" ұранымен асфальтта сурет салу байқауына қатысты.
13 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен 8-10 сынып оқушылар арасында «Менің сүйікті ақыным» атты көркемсөз сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл- күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
"Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер,әскер, спорт апталығы аясында 13-мамыр "Бояулар әлемі" күні Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары үзіліс кезінде классикалық әуен сүйемелдеуімен шығармашылықпен айналысуда.
" Спорт пен өнер- егіз ұғым" апталығы аясында 12 мамыр күні 5-7 сынып оқушылары арасында "Караоке -баттл" сайысы өткізілді.
11 - 20 мамыр аралығында " Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер, әскер және спорт бірлестігінің онкүндігі басталды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, ҚР "Балалар жылын" мерекелеу шеңберінде, апталық аясында оқушылардың спортқа,әскерге және өнерге деген қызығушылықтарын ескере отырып, әрбір оқушының бойында шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында жоспар құрылды.
11 мамыр күні сап түзеуде апталықтың ашылу салтанаты өтіп, жоспармен таныстырылды.
Халықаралық Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушылары үшін "Мықты отбасы-мемлекет игілігінің негізі"тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді