2022 жылдың маусымның 1-12 күн аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпаратты кампаниясы оңкүндігінің аясында мектеп кітапханашы Б.Мамбеталинованың жетекшілігімен көрме ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары «Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын» мәнерлеп оқу челленджіне қатысты.
4 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатова және мектеп психологі М.Берденованың ұйымдастырылуымен «Демалыс» «Жасөспірім» «Түнгі қаладағы балалар» ауданның мейрамханаларына, көшелерінде рейд өткізілді.
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде мектептің алар орны ерекше. <br />4 маусым – Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз» атты салтанатты мерекелік бағдарлама өтті. Сағат 10.00-де мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін, 4 сынып оқушылары патриоттық сезіммен Әңұран, Ту, Елтаңба туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды. 1 а сынып оқушысы Ғалымжан Дәрия «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін, ал 2 а сынып оқушысы Айнадин Айсұлтан «Еліме арнайын» әнін жоғары дәрежеде орындады. 4 ә сынып оқушылары «Айша-бибі домалақ» қазақ биін биледі. Мекерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі «Біз бақытты Қазақстан ұрпағымыз!» әнімен аяқталды. <br />2-ші бөлімінде барлық қатысқан оқушылар «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында акварельмен, түрлі түсті қарындаштармен сурет салды. <br />Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
4 маусым 2022 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық аланыңда өткен салтанатты жиынға Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы белсенді қатысты.
3 маусым күні мектеп психологі М.Берденованың ұйымдастырылуымен «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық компаниясы туралы брошюра таратылды.
3 маусым күні 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында "Мен батыр баламын" атты дамыту сабағы өтті.Оқушылар кітапханада батырлар туралы кітаптарды қызықтап оқып,танысты.Өз ойларымен бөлісіп,бір-бірімен пікір алмасты.
3 маусым 2022 жылы Балалар жылы және Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 2-4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен табиғатқа шықты. Таза ауада оқушылар әр түрлі ойындар ойнап, демалып, жақсы көңіл күй мен әсер алды.
2 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатованың ұйымдастырылуымен 6-8 сынып оқушыларына «Отбасылық құндылықтар мен бақытты балалық шақ» атты бейнеролик көрсетілді.
2.06- 3.06 2022 жылы " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жазғы мектеп аясында сабақтар дәстүрлі емес форматта өтуде. 5-6 сыныптар арасында дискотека және караоке, 7-10 сыныптар арасында волейболдан спорттық жарыс өтті. 8 сыныптар биология пәнінен таза ауаға шығып, қазақ әдебиеті сабағында тарихи фильмдерді тамашалады.
2 маусым күні мектеп психологі А.Жахинаның ұйымдастырылуымен 2-3 сыныптар арасында «Шекарасыз балалық шақ» атты асфальтқа суреттер салынды. 27 оқушының қатысты.
Балалар жылы, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Менің ауылым" атты тақырыбында сынып жетекшілер мен мектеп кітапханашысының жетекшілігімен 1-4 сынып арасында асфальтта сурет салу байқауы өткізілді