Меню KDT

Новости

Главная Новости

01.10.2022

Ұстаздар күнімен

Мұғалімдер күні қарсаңында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде мектеп өзін-өзі басқаруының мүшелері Дублёр күнін өткізді. Балалар ұстаздарына музыкалық сыйлық сыйлады.

01.10.2022

Халықаралық Мұғалімдер күні

"НСМ 1" КММ-де Халықаралық Мұғалімдер күні қарсаңында "Дублер күні" өтті . Мектептің өзін-өзі басқаруы мұғалімдерді тірі дәлізбен қарсы алып , әр мұғалімге ашық хаттар беріп, оларды 12 А сынып оқушылары ретінде қатысуға шақырды. Сабақтан кейін салтанатты жиын өтті, онда мұғалімдерді мектеп директоры А.С. Қасымов пен мектеп парламентінің президенті Даниял Хасенов құттықтады.

01.10.2022

Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

30 қыркүйек күні «Бірлік орта мектебі» КММ-де Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті! Сүйікті оқушылар тарапынан жылы лебіздер, қызықты да көңілді көріністер, әсем билер мен әндер шырқалды. Қонаққа мұғалімдер шақырылып, грамоталармен марапатталды. Құрметті мұғалімдер, мектептің өзін-өзі басқаруы сізге шабыт пен көптеген қызықты идеялар тілейді. Оқушылар тек қуанышқа бөленсін! Сіздің өмірлік ұстанымыңыз керемет перспективалар бере отырып, қалаған нәтижелер мен дамуды берсін. Сізге денсаулық, мықты жүйке, еңбекте қуаныш, жан дүниеңізге бақыт тілейміз! Мейрамызбен!

30.09.2022

Қарттарым асыл қазынам!

"Сарыадыр бастауыш мектебі" КММ
2022-2023 оқу жылы

💠Қарттар күні мерекесіне орай Сарыадыр бастауыш мектебінің ұжымы Сарыадыр ауылының зейнеткерлерін атаулы мерекелерімен құттықтап, мерекелік дастархан жайылды.

Мерекелік іс шара концерттік бағдарлама мен жалғасын тауып зейнеткерлеріміз тілектерін айтып ақ баталарын берді.

29.09.2022

«Жол ережесін сақтасаң-қиыншылдыққа тап болмайсың»

20 қыркүйек күні   А.Р. Идирисованың жетекшілігімен  8 а сынып оқушылары «20 қыркүйек күні   А.Р. Идирисованың жетекшілігімен  8 а сынып оқушылары «Жол ережесін сақтасаң-қиыншылдыққа тап болмайсың» тақырыбында  өз бетінше материал дайындап,  бастауыш сыныптарда жол жүру ережелері бойынша  әңгіме жүргізді. Сонымен қатар   тақырыпқа сай буклеттер жасап,  ұстаздарға, ата-аналарға, мектеп қызметкерлерге таратты. Мақсаты: жол, уіпсіздігін есте сақтауға, білуге;  көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. тақырыбында  өз бетінше материал дайындап,  бастауыш сыныптарда жол жүру ережелері бойынша  әңгіме жүргізді. Сонымен қатар   тақырыпқа сай буклеттер жасап,  ұстаздарға, ата-аналарға, мектеп қызметкерлерге таратты. Мақсаты: жол, уіпсіздігін есте сақтауға, білуге;  көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

29.09.2022

«Кітап үйімен танысу»

27- ші қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен даярлық тобының тәрбиеленушілерімен  «Кітап үйімен танысу»  тақырыбында кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.

29.09.2022

Мухтар Әуезовтың150 жылдығы

Әуезов Мұхтар Омарханұлы - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор , Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақтың заңғар жазушысы артына мол әрі бай мұра қалдырды.
Осыған орай 2022 жылдың 26 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинова Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің мақсаты: оқушыларды ұлы қазақ жазушысының өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру.

29.09.2022

«Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл»

26-ші қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 3-4 сынып оқушылар арасында «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» тақырыбында мәнерлеп оқу сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: халықтың жүрегінен орын алған қоғам қайраткері, ғалым, ақын, аудармашы, ұлы ұстаз, бүкіл қазақ халқы бас иер асыл тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, оқушылар арасында ақынның мол мұрасын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету.

29.09.2022

«Бейтаныс адаммен қарым-қатынас»

23 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де  сыныптық ата-аналар жиналысында мектеп психологы  М.А.Берденова  ата-аналарды  2022-2023 оқу жылының психологиялық қызметінің жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді өткізу туралы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді хабардар ету формасына қол қойдыру жұмыстарын жүргізуді бастады. Сонымен қатар жиналыста М.А. Берденова   «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері», «Бейтаныс адаммен қарым-қатынас» туралы сөз қозғады.

29.09.2022

«Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»

2022 жылдың 23 қыркүйек күні мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен 6-11 сынып қыздарымен орталық емхана қызметкерлері Шайкомалова Асем Тулемысовна, Серикпаева Диана Ерлановнамен «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Дәріс барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып бөлісті,оқушыларға ақпараттық мәліметтер және кеңестер берілді. Барлық  85 қыз қамтылды.