<div>11 қазанда салтанатты жиын өтті. Мектеп мұғалімдері күнін мерекелеу аясында А. А. Туркин, А. Зардыханұлы ауданның білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Ғ. Мүсірепов білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды , Т. П. Шульга Ғ. Мүсіреповтың білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды,</div><div>сондай-ақ, кәсіподақ қызметкері күніне орай Бастауыш сынып мұғалімі Е.Е. Зайдензаль білім беру жүйесіндегі адал еңбегі үшін облыстық Құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!</div>
11 қазан Халықаралық қыздар күні. Психологиялық денсаулық онкүндігінің жоспары бойынша әлеуметтік педагог Лукьянова Т.М. 7-10 сынып қыздар арасында «Қазіргі қыз ... Ол қандай?» гендерлік тәрбие бойынша тренинг элементтерімен сабақ өткізілді.
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің өзін-өзі басқаруының “Экология және еңбек” фракциясының мүшелері “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” экологиялық акциясына белсенді қатысты. Балалар мектеп жанындағы күзгі жапырақтарды және ауыл көшелеріндегі қоқысты жинады. Кіші жастағы оқушыларға табиғатқа аялы көзбен қарау туралы буклеттер берілді.
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жоспарына сай Новоишим қазақ орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Б.А Мамбеталинованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында кәсіби бағдарды насихаттауға арналған бұрыш ұйымдастырылды. .
<div>11 қазанда Халықаралық қыздар күні аясында 10 сынып жетекшілері А.Б. Абдукулов пен В. В. Шремзер педагог - психолог Д. Г. Испаевамен бірге 10 сынып оқушыларымен " Қыздардың арамызда. Біз туралы сөйлесейік"</div><div>Мақсаты - жасөспірім қыздарды ерте жыныстық қатынастың салдары туралы таныстыру.</div>