1 тамыздан бастап «Бірлік орта мектебі» КММ-де 1-сыныбында оқушыларды оқуға «Балақайлар мектебі» дайындау жұмыстары басталды.
"Мобильді көзқарас: жаздың бір күні" Республикалық челленджі
"Мобильді көзқарас: жаздың бір күні" Республикалық челленджі
Балаларды жұмыспен қамту картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жазғы демалыс кезеңінде 1 сынып оқушылары арасында аула ойындарының фестивалі өткізілді.
Жазғы демалыс кезеңінде 19-20 шілдеде оқушыларды жұмыспен қамту картасын іске асыру бойынша іс - шаралар шеңберінде мектеп оқушылары үшін пленэр ұйымдастырылды, онда көркем еңбек мұғалімі Николай Владимирович Ганюк акварельмен сурет салу бойынша мастер-класс өткізді. Пленэр аяқталғаннан кейін балалар жұмыстарының шағын көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Үндеуіне қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен 2022 жылдың 14 шілдесі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде болып өтті. Бұл отырыста еліміздің әртүрлі салалары бойынша көптеген өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтатын болсақ мемлекет басшысы ең алдымен ел экономикасы жайлы мәселелерге тоқталды. Еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Еліміздің демографиялық, көші-қон, технологиялық даму барысын да ескере отырып, жалпы адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқаратындығын басып айтты. Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік. Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін деді.

Мемлекет басшысы биылғы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет. Сол бойынша көптеген мәселерді бірлесе шешіп, қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді деп, бұл мәселені мұқият қарастыруды Үкіметке тапсырды. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін нықтап айтты.
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де 0-11 сынып ата- аналары мен балаларына жазғы қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді.
Астана күнін мерекелеу және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, оқушылардың жазғы демалысы аясында, "Новоишим қазақ орта мектебінде "Бір күндік "Жас сарбаз" шатырлы лагері ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың бойында патриоттық сезімін нығайту.