"Сарыадыр бастауыш мектебі" КММ<br />2022-2023 оқу жылы<br /><br />Сарыадыр бастауыш мектебінің бастауыш сынып оқушылдары Республика күніне орай сурет байқауы ұйымдастырылды.
19 қазанда мектептің PISA халықаралық зерттеуіне қатысуға дайындық жоспарына сәйкес ата-аналар жиналысы өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. К. Уенжанова ата-аналарды "Мектептерге арналған PISA" зерттеуінің мақсаттары мен міндеттерімен, "Мектептерге арналған PISA" дәстүрлі PISA-дан айырмашылықтарымен, оның зерттеу форматымен, сондай-ақ "Мектептерге арналған PISA"зерттеуін жүргізу рәсімімен таныстырды. Оқушылардың ата-аналары PISA халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша тестілеу нәтижелерімен және PISA дайындау және қорытынды аттестаттау бойынша қосымша сабақтар кестесімен танысты.
19 қазанда Біздің мектепте "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе жазудың бірыңғай күні өтті. Эссе жазудың мақсаты жастардың азаматтық сана-сезімін дамыту, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.