IQanat қоры Қазақстанда ауыл оқушыларына сапалы білім алуға көмектеседі. 2022 жылдың 8 қарашасында 8-сынып оқушылары Григорьев Артём, Бенга Артём ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты.
<p>8 қараша күні Новоишим қазақ орта мектебінің математика мұғалімі Киргизбай Аяулым Бакытжанқызы «Даранды балаларға- талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, ІІ орын иеленді. Олимпиаданың мақсаты- жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.</p>