5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі 2022 жылдың 14 қараша күні өтті. Олимпиада келесі пәндер бойынша өтті: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы. Жалпы 39 оқушы қатысты, оның ішінде 12 оқушы І орынға ие болып, аудандық кезеңде өз білімдерін сынауға жолдама алды.
2022 жылдың 11 қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де қоғамдық тыңдаулар өтті. Іс- шараның негізгі бөлімі басталмас бұрын "Балалар жылы" аясында ата- аналарға мектеп оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Содан кейін күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1).1 тоқсан бойынша оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелері мен жетістіктері<br /> / ОІО Жолдаспаева Г.М., Нугуманова А.Ж./<br />2).Қараусыздықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар. /Учаскелік инспекторы Бердімұрат Р. / <br />3).Балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы/ медбике Жарасбаева А.Қ./<br />4). Әр түрлі сұрақтар. Нәтижесінде ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
11.11.2022 жылы "№ 1 Новоишим орта мектебі" КММ-де ПШО тренерлері Рахмаил Э. және Шевченко С. қатысуымен "Lesson Study әдісі" тақырыбында вебинар өтті. Сондай – ақ, магниттік мектептердің педагогтары шақырылды ("Червонная орта мектебі" КММ, "Пескин орта мектебі" КММ) Lesson Study-бұл мұғалімдер практикасы саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған сабақтардағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылатын педагогикалық тәсіл.
10.11.2022 жылы "№ 1 Новоишим орта мектебі" КММ-де ПШО тренер С.В. Шевченконың шақыруымен "Лессон стади зерттеуді жоспарлау" тақырыбында әдістемелік әңгіме өтті.