Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.11.2022

"Тиімді әдістемелік кеңістік жүйесі өсу факторы ретінде"атты облыстық семинар

2022 жылдың 25 қарашасында Қызылжар ауданының "№2 Бескөл орта мектебі" КММ-де "Тиімді әдістемелік кеңістік жүйесі өсу факторы ретінде"атты облыстық семинар өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің секциясында педагог-шебер Ш.Д. Мукашева және педагог – сарапшы Ж. А. Алгазина "ББЖМ, TIMSS – ке дайындық шеңберінде тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту"шеберлік сыныбын ұсынды. Айта кету керек, өткен оқу жылында педагогтар 4 сынып оқушыларын сапалы дайындады. Спикерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісті , математика сабақтарында тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қолдану мүмкіндігі мен орындылығын көрсетті.

24.11.2022

«Мамандықты дұрыс таңдай білейік» деген тақырыпта сабақ-тренинг

Қарашаның 24 күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 10 сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» деген тақырыпта сабақ-тренинг өткізілді. Ұйымдастырып өткізген кәсіби бағдар беруші Сердалина Т.Б. Тренингтің мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы, белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандықты таңдаған кезде оны қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне қарай таңдау керек екені ескертілді. Балалардың болашақ таңдаулары, соған сай бойларында болу қажет қасиеттері сөз болды. «Ойлан тап», «Жаңа мамандықтар», «Мамандықтар тізбегі» жаттығулары, «Қол мидың жалғасы» әдістемесі орындалды.

23.11.2022

«Тіл – адам жанының тілмашы» эссе байқауы

Новоишим қазақ орта мектебінде  21 қарашаның жұлдызында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Тіл – адам жанының тілмашы» эссе байқауының қорытындысы шағарылды. Байқаудың мақсаты эссе құрылымына сай талаптарды орындай отырып, білім алушылардың ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту, жыр алыбының өсиет сөздері мен шығармашылық құндылықтарын дәріптеу, өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйрету.  9- сынып оқушысы Серикбай Меруерт 1 орын , 11- сынып оқушысы Усан Аянат 2 орын,  10- сынып оқушысы Қорғанбек Алуа, Қайыр Айжан 3 орындарды иеленді

23.11.2022

"Мен өмірге ғашықпын" әңгіме сағаты

Аутодистрктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында мектеп психологы оқушылармен «Мен өмірге ғашықпын»  тақырыбында әңгіме-сағатын өткізді. Оқушыларға видео ролик көрсетіліп,  бірге талқыланды.

21.11.2022

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты жаратылыстану-математика апталығы

Новоишим қазақ мектебінде 21 қараша күні  «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты жаратылыстану - математика апталығы ашылуы саптық жиында жарияланды. Апталық 21.11-02.12 аралығында өткізіледі.          Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жаратылыстану-математика апталығында 5-11 сыныптар аралығында әр пән мұғалімі ашық сабақпен сыныптан іс шара өткізеді.

19.11.2022

«Үздік педагог»

Бүгін, 2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында «Үздік педагог» Республикалық байқауының ІІІ кезеңінің қорытындысы бойынша мұғалімдерге "2022 жылдың үздік педагогі" атағы берілу рәсімі өтті.
«№1 Новоишим орта мектебі» КММ мұғалімі педагог-зерттеуші Алексеенко Ольга Михайловна «2022 жылдың үздік педагогі» атағының иегері болды. Ольга Михайловнаға Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы «2022 жылдың үздік педагогі» сертификаты мен медалін табыс етті.
Ольга Михайловнаны жеңісімен және жоғары марапатымен құттықтаймыз!