5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысты. Базарбай Мадина -3 орын қазақстан тарихы пәнінен, Сабыржан Дария -3 орын жаратылыстану пәнінен, Шарбекова Аяулым-2 орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Адильбекова Адия 3 орын -орыс тілі пәнінен, Айтқожа Аян -2 орын, Акжигит Арыстан-1 орын ағылшын тілі пәнінен алды. 2022 жылдың 1 желтоқсан күні өткен облыстық кезеңінде 6 сынып оқушысы Акжигит Арыстан- 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Тоқсан би орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Акциясы аясында 5-10 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылыққа - ЖОҚ!" үгіт-насихат жұмысы өткізілді.
10-сынып оқушысы Калымтаева Томирис республикалық "Жыл оқушысы" байқауының аудандық кезеңінде 10-11 сыныптар тобында 2 орын алды. Байқау үш кезеңнен болды: өзін-өзі таныстыру, эссе және шешендік шеберлік сайысы. Құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
02 желтоқсанда мектепте жиын өтті. Біздің оқушылар "Жыл оқушысы" байқауына қатысты. Дюсенова Дариға 10 сынып оқушысы 2 орынды, Овеян Тигран 9 сынып оқушысы 2 орынды, 6 сынып оқушысы Муравьева Елизавета 3 орынды иеленді, сондай-ақ зияткерлік, шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушыларына грамоталар табысталды. Балаларды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз.