6 желтоқсанда Новосель орта мектебінде "Адал ұрпақ" клубы мүшелерінің аудандық слеті өтті. Слетке біздің мектептің оқушылары, "Адал ұрпақ" ерікті клубының мүшелері қатысты. Аудан мектептерінің қатысушылары тәжірибелерімен бөлісті. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Слет ұйымдастырушыларына қызықты әрі пайдалы іс-шара үшін алғыс айтамыз! Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!
Терең тамырлы тарихы бар, ұлтымыздың асыл қазынасы - мемілекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылған «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына белсене қатысқан «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушысы Шарбекова Нурайым 2022 жылдың 5 желтоқсан күні Алғыс хат және ақшалай сертификатпен марапатталды.