Меню KDT

Новости

Главная Новости

07.12.2022

"Қобалжу мен стресстің алдын-алу" тренинг-жаттығу.

"Қобалжу мен стресстің алдын-алу" тренинг-жаттығу. Мақсаты:оқушылардың бойында стресс пен қобалжуды болдырмау, алдын-алу. Стресстің пайда болу себептерін, алдын-алу жолдарын, ағзаға тигізетін әсерін айту. Тренингтің басында оқушылардан «стресс тест» экспресс тесті алынып ұпай сандарына қарай оқушыларға жауабы оқылды. Содан кейін стресс туралы түсінік беріліп өттілді. Стресс пен қобалжудың симптомды белгілері мен физиологиялық белгілері таныстырылып, тақырып жайлы оқушылармен  өзара бір-бірімен пікір талас, талқылау жүргізілді. Содан кейін оқушылар «Мен неден қашамын» жаттығуын жасады. Мақсаты:өзара сенімділік пен топтың ашық қатынасын туғызу.Сонымен қатар оқушылар кинесиологиялық дене жаттығуларын жасады. Оқушылар тренингке белсенді қатысып, қызығушылық танытты.

07.12.2022

«Қазақстандағы код сағаты» сабағы

Халықаралық «Информатика апталығы» аясында информатика пәнінің мұғалімі Туркин А.А. 7 желтоқсанда 3-10 сынып оқушыларымен «Қазақстандағы код сағаты» сабағын өткізді.Информатика сабағында жасанды интеллекттің пайда болуының негіздері, оның эволюциясы және қазіргі кездегі қолданылуы түсіндірілді. Балалар иллюстрациялар жасай алды. Ойын барысында біз көптеген пайдалы ақпарат алдық, жасанды интеллектті тәжірибеде қолдануды үйрендік. Балалар ынталы, қызығушылық танытты.

07.12.2022

«Біз салауатты келешек үшін!» флешмоб

 2022 жылдың 05-09 желтоқсан аралығында мектептің өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен   8-9 - сынып оқушылар арасында  «Біз салауатты келешек үшін!» флешмоб ұйымдастырылды. Флешмоб үзіліс уақытында болды.

07.12.2022

«АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу» бойынша орталық емхана қызметкері Диана Ерланқызы Серикпаевамен кездесу

2022 жылдың  06 желтоқсан күні мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның  жетекшілігімен 8- сынып оқушыларына  «АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу» бойынша орталық емхана қызметкері Диана Ерланқызы Серикпаевамен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру.

07.12.2022

«Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында ата-аналарға жадынама

2022 жылдың 05-09 желтоқсан аралығында мектеп психологі М.А.Берденованың  жетекшілігімен «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында ата-аналарға жадынамалар  жіберілді. Мақсаты: зорлық-зомбылықтың алдын-алу.  Ата-аналар танысып, кері байланыс берді.