Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.12.2022

Құстарға қыстау қиын - біз құстарға көмектесуіміз керек!

Құстарға үй салу – өте сауапты іс. «Құстарға қыстау қиын - біз құстарға көмектесуіміз керек!» Мақсаты: құстарды қорғауға, күтуге, қыста азықтандыруға назар аудару. Аға кеңесші Кашей А. жетекшілігімен «Бірлік» еріктілер жасағы құстарға арналған жемшөптер жасап, мектеп жанына, сонымен қатар ойын алаңына орналастырды.

13.12.2022

"Бірлік" еріктілер тобы

Аға тәлімгер Кашей А. жетекшілігімен "Бірлік" еріктілер тобы ауылдың жалғыз тұратын зейнеткерлеріне ауланы қардан тазартуға көмектесті.                                                                          

13.12.2022

"Lesson Study менеджменті мектептегі әдістемелік процесс жүйесі ретінде: мәселелерді жоспарлау және анықтау" тақырыбында "Кәсіби желі жағдайында педагогтың зерттеу мәдениетін жандандыру" атты аймақтық диалог алаңы өтті

2022 жылдың 13 желтоқсанында "№1 Новоишим орта мектебі" КММ Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен "Lesson Study менеджменті мектептегі әдістемелік процесс жүйесі ретінде: мәселелерді жоспарлау және анықтау" тақырыбында "Кәсіби желі жағдайында педагогтың зерттеу мәдениетін жандандыру" атты аймақтық диалог алаңы өтті. Семинар қатысушылары: БСӘЖАТО әдіскері Л. Ф. Ельцова, "Приишим орта мектебі" КММ директорының м.а., Петропавл қ. ПШО жаттықтырушысы С. В. Шевченко, "Лавровка орта мектебі" КММ директорының м. а. Г. А. Мукашева, "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ директорының м. а. Ш.С.Оразбаева, "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары И. К.Булатова, Айыртау ауданының білім бөлімінің әдіскері Б. К. Дюсенова, ағылшын тілі мұғалімі Ю. В. Сирота, "№ 1 Новоишим орта мектебі " КММ педагогтары: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж. А. Ержанова, А. Д. Жулдузбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Б. Кенжебекова, С.М.Нұртазина, бастауыш сынып мұғалімі Л.А.Алексеенко, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Н.Конюша, химия мұғалімі О.М.Алексеенко, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.В.Шаблий, математика мұғалімі З.Ж.Джакупова, биология мұғалімі А.В.Спасибушкина, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Хизат, Д.А.Алибаева. Семинардың тыңдаушылары Ғ. Мүсірепов атындағы аудан мен Айыртау ауданының педагогтары болды. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті, шеберлік сыныптары мен тренингтер көрсетті.

13.12.2022

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау

2022 жылдың 09 желтоқсан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай  "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау өтті. Сонымен қатар жазушы ағамыздың атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі С.М. Мухамедиев және  ауданымыздың құрметті азаматтары шақырылды. Байқауға облысымыздың 10 ауданынан 45  оқушы қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Атап айтсақ, біздің мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жолдасбаева Г.М, Рамазанова Б.Н, Амангельдиева А.М жетекшілігімен   " Театр- хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер" театрланған  қойылымда 2 жүлделі орынға ие болды.  Іс- шара барысында шағын концерттік бағдарлама және мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

13.12.2022

"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара

2022 жылдың 12 желтоқсан күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша педагог психолог М.А.Берденова, 10 сынып жетекшісі К.М.Карабаева, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезов және полиция майоры Руслан Сергеевич Ураковпен бірігіп "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.