"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2022 жылы желтоқсан айының 12-15 аралығында 1-11сыныптарда "Тәуелсіздік- тұғырым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні мектеп Президенті Н.Шарбекова және өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында «Аяқтары мен қолдары» тренинг өтті. Мақсаты:оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау. Нәтижесінде оқушылар тренингке белсене қатысып, жақсы көңіл-күй алды.
2022 жылғы 15 желтоқсанда "Бірлік орта мектебі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері өз оқушыларын Республика тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстырды. "16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні"," Желтоқсан ызғары" бейнероликтері, деректі фильмдер, еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің маңыздылығы туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
2022 жылдың 14 желтоқсан күні "Адал ұрпақ" клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өтті.
Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету.
Адал ұрпақ клубының мүшелері оқушыларға түсіндіріп қана қоймай,оны іс жүзінде көрсете білді.Мысалы, егов бағдарламасы қызмет көрсету көлемін кеңейтіп және олардың сапасын арттыра отырып, екінші жағынан-ресурстарды үнемдей отырып , мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жеңілдетеді және мемлекеттік секторға қарама - қайшы талаптарды орындауға көмектеседі.Қазіргі таңда үйден шықпай-ақ өзіңізге керекті құжаттарды таба аласыз.

2022 жылғы балалар жылы аясында 2022 жылғы 15 желтоқсанда "Ұлттық Мектеп лигасы"аясында шайбалы хоккейден аудандық жарыстар өтті.

НОМ 1 командасы 2 жүлделі орынға ие болды

Команда құрамы:

Хасенов Даниял 10 А кл

Ибраев Шыңғыс 10Б кл

Сәбитов Аслан 9Б кл

Қоныспай Асанәлі 7В кл

Дорожан Тимур 6В кл

Габель Степан 8а кл

Роговский Антон 6В сынып

Минвалиев Александр 8в кл

Сұлтанов Әмір 6А кл

Буржуков Тимур 2Г сынып

Команда жаттықтырушысы: Цубикс В. А.

Команда өкілі: Абдуллин А. А.