2026 жылдың 13 қаңтар күні Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің жаңындағы интернат және «Қызылжар» шағын орталығының асханасының санитариялық-гигиеналық режимінің сақталуы мақсатында бракераждық комиссия мүшелері тәрбие ісінің орынбасары Ахмет Тания., интернат завхозы А.А.Жусупова., «Қызылжар» шағын орталығының медбикесі-М.Н.Ергалиева және әлеуметтік педагогтар - А.Алгожина, А.Н.Байбулатова тексеріс жүргізді. Ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы, аспазшының медициналық құжаттары тексерілді. Аспазшы қазаннан өзінен əрбір тамақтан сынама алып тоңазытқышта салып қойылады. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберектер жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады, аспаптар дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, содан соң ағынды сумен мұқият шайылады және кептіріледі.Таза асханалық ыдыс пен аспаптар шкафтарда сақталады. Асхана жұмыскерлердің арнайы киімдері бар.
2026 жылғы 13 қаңтар күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де "Заң және тәртіп" айлығы аясында, әлеуметтік педагогтар А.Қ.Алгожина мен А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 8–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
13.01.2026 ж. "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ де Салықтар мен салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілікті дамыту мақсатында мектепте ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар қауымына салықтың қоғам мен мемлекет дамуы үшін маңызы, азаматтық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша арнайы әзірленген инфографика таратылды.