27 наурызда 3-сыныпта "Қазақ даласының 7 қыры" сынып сағаты өтті,мақсаты: қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасымен таныстыру.
27 наурызда 7 сынып оқушылары үшін "Рухани жаңғыру" "Ұлы даланың ұлы есімдері"бағытын жүзеге асыру аясында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған сынып сағаты өткізілді.Балалар ақпараттық бейнеролик көріп, викторина сұрақтарына жауап беріп, тақырыптық синквейн құрастырды.
"Оқу мектебі" жобасы аясында кітапханашы Кашей А "Кітапты жақсы қолға беремін" акциясын өткізді
2023 жылдың 27 сәуірінде 6-сыныпта патриоттық сезімге, өз Отанына құрметке тәрбиелеу; қазақ халқының ұлы ұлдарының подіктерімен таныстыру; қазақ даласының батырларына деген мақтаныш пен құрметке тәрбиелеу мақсатында "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты сынып сағаты өтті.
2023 жылдың наурыз айында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары Сарсенбаева АА, Жуманов Р.Ж 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді. Колледжде төмендегі мамандықтар бойынша білім алуға болады:
- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалім»
- «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»
- «Шет тілі мұғалімі»
- «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі»
- «Бухгалтер»
- «Ақпараттық жүйелер технигі»
2023 жылы наурыз айының 24 күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 10 сынып оқушылары Ахметова Дильназ бен Байкенова Арина аудандық «Мамандықтар әлемін ашамыз» сайысына қатысты. Сайыстың нәтижесінде Ахметова Дильназ 3 орынға ие болды. Болашақта бұл оқушыларға өздерінің қалаған мамандықтарының есігі айқара ашылуына тілектеспіз.