Меню KDT

Новости

Главная Новости

01.04.2023

Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 1 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың бірінші бөлімінде келген ата-аналар тіркеуден өткеннен кейін мектебіміздің мұражайымен, фотокөрме арқылы 3 тоқсанның окү-тәрбие жұмысының нәтижелерімен танысып, мектеп оқушылары дайындаған 3 музыкалық нөмерлерін тамашалады.
Жиналыстың екінші негізгі бөлімінде әрбір ата-анаға әр пән мұғалімімен, сынып жетекшісімен , психолог, әлеуметтік педагог, мектеп әкімшілігімен бетпе-бет кездесіп, 3-тоқсанның қорытындысын білуге, сонымен қатар өз баласының сыныпта да, оқу іс-әрекетінде де күшті және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік берілді.
Жиналыстың сонында әр ата-ана кері байланыс ретінде ұсынылған жапырақтарға жиналыстың өтуі туралы өз пікірлерін жазып, ағаштарға жабыстырып кетті.

01.04.2023

"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар

2023 жылдың  1 сәуір күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатова, психолог А.М.Жахина, 10-сынып жетекшісі Б.Б.Саденова  және ағылшын тіл пән мұғалімі Қ.Д.Қайыржан  "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар өткізді. Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

31.03.2023

салтанатты жиын өтті

31 наурызда салтанатты жиын өтті, онда спорттық, зияткерлік, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарына грамоталар табысталды.

31.03.2023

Құрметті ата-аналар! 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа өтініштер қабылдау басталады

Құрметті ата-аналар!

2023 жылғы 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа өтініштер қабылдау басталады

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес "Бірлік орта мектебі" КММ 6 жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2023 жылғы 01 сәуірден 01 тамызға дейін

Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі арқылы құжаттарды беру үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы egov.kz.мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Қандай құжаттар қажет?

- қолданыстағы ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба)

- ата-аналардың бірінің (немесе өзге де заңды өкілдердің)өтініші

- баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі

- 2 дана мөлшерінде 3х4 см баланың сандық фотосуреті

- №063/у (денсаулық паспорты) және № 026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері.

Келіп түскен өтінімді 1 жұмыс күні ішінде өңдеу. Анықтама телефоны: (871535) 29 -169.

30.03.2023

"Алаш"қозғалысының көшбасшыларының бірі-Мағжан Жұмабаев

Көрнекті жазушы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және "Алаш"қозғалысының көшбасшыларының бірі-Мағжан Жұмабаев. Мағжан Жұмабаев-біздің өлкеміздің мақтанышы, оны ғасырлар бойы дәріптегендердің бірі.

Осыған байланысты Новоишим қазақ орта мектебінің кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы атанған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.

30.03.2023

«Жаңа мектепке – заманауи мұғалім»

«Жаңа мектепке – заманауи мұғалім» атты жас ұстаздар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты – дарынды жас мұғалімдерді анықтау, инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздестіру мотивациясын дамыту. Байқауға барлығы 19 жас ұстаз қатысты.

3 орынға Бірлік орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тайжанов Әділ Сакенұлы иеленді. Жеңімпазды құттықтаймыз және байқаудың республикалық кезеңінде жеңіске жетуіңізге тілектеспіз!