Меню KDT

Новости

Главная Новости

08.04.2023

2023 жылдың 8 сәуірінде қыстан кейінгі алғашқы сенбілік өтті.

2023 жылдың 8 сәуірінде қыстан кейінгі алғашқы сенбілік өтті.

07.04.2023

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің 9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты

2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің  9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты. Бұл іс-шарада балалар колледж ғимаратына саяхат жасап, оқу және өндірістік кабинеттермен, колледждің жабдықталған техникалық базасымен танысты. Колледжде оқытылатын және жаңадан ашылатын мамандықтар, жатақхана, төленетін шәкіртақы туралы мағлұмат алды. Кездесудің соңы студенттер ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Іс- шара ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

07.04.2023

Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы

2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1). Менің идеальды ұжымым.Дөңгелек үстел.
Мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне әсері.Кеңес.
/ Мектеп психологтары Берденова М.А., Жахина А.М./
2.)Суицид және жасөспірім / Берденова М.А./
3). 2023 жылғы 3 наурыздағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды мектепішілік есепке алу» №61 бұйрығымен танысу. /Әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н./
4).Сыныптағы тәрбие жұмысының мониторингі / ТІО Амиржанова Б.К./
5).Әр-түрлі сұрақтар
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ пікірлер тыңдалды, ұсыныстар берілді.

07.04.2023

Жас мамандар арасындағы "Толағай" эстафетасы

07.04.23 ж. “Жас маман” қауымдастығының ұйымдастыруымен  Новоишим Қазақ Орта Мектебінде “Толағай” эстафетасы өтті. Аудан және ауыл мектептерінің жас мұғалімдері қатысып, өздерінің спорттық бесенділігін көрсетті.

06.04.2023

"Балалар кітап апталығы"

2023 жылдың 3 – 7 сәуір аралығында "Балалар кітап апталығы" аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

06.04.2023

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасы

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру мақсатында  2023 жылдың 6 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б 11 сынып оқушаларының арасындағы ветеринария мамандығын таңдаған оқушыларды аудандық ветеринариялық станцияға кәсіптік бағдарлау мақсатында апарды. Оқушыларды станциясының директоры Жазитов Қ.З қарсы алып, мекеменің ішіне шолу жасады. Мекеме қызметкерлерінің жұмысы, атқаратын қызметі, міндеттері туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Осы жерде аудан бойынша үй жануарларына медициналық қызмет көрсетіледі.