Шахмат ойыны - ежелгі интеллектуалды ойын, логикалық ойлауға, талдауға үйретеді. 12 сәуір күні “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нің педагогтары мен оқушылары “Шахмат ойыны” республикалық челленджіне қатысты.

12 сәуірде Новоишим ОМ 2 шағын футбол алаңында 2010 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында шағын футболдан БЖСМ ашық біріншілігі өтті. Жарысқа Бірлік ОМ, Новоишим ОМ 1, Новоишим ОМ 2, Урожайный ОМ, Червонный ОМ және Нежинка ОМ 6 командасы қатысты. Командалар 2 топқа бөлінді. 5-6 орын үшін Новоишим ОМ 2 және Нежинка ОМ командалары ойнады, онда Новоишим ОМ 2 жас футболшылары күштірек болды. Алаңда 2-3 орын үшін Новоишим ОМ 1 және Урожайный ОМ командалары жиналды, онда Новоишим ОМ 1 командасы қола жүлдегер атанды. Жарыстың ең мықты командасы атағына Бірлік ОМ және Червонный ОМ таласты, онда біздің футбол командасы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

1 орын-Бірлік ОМ

2 орын-Червонный ОМ

3 орын-Новоишим ОМ 1.

Балалар мен жаттықтырушыны құттықтаймыз. Сіздерге алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

Кәсіби бағдар беру апталығы аясында Д. М. Абенова 5, 6 сынып оқушыларымен "Кәсіптер әлемі" тақырыбында "Өз ойын"

өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды әртүрлі мамандықтар әлемімен таныстыру;

саналы, кәсіби таңдау мен өсуге оң көзқарасты қалыптастыру; балаларды әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат іздеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге;

өзін-өзі дамытуға ынталандыру болды.