“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 3-14 сәуір аралығында “Қауіпсіз терезелер” республикалық ақпараттық науқан шеңберінде, ол мүмкін болатын қасіреттердің болдырмауына бағытталған, ата-аналар мен балалармен түсіндіру жұмысы өткізілді.
Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың сәуір айында жоспар бойынша 8 - 11 - сынып оқушыларымен полиция қызметкері учаскелік полиция Н.А.Жолдасбековпен кездесу ұйымдастырылды. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» профилактикалық жұмыстар өткізді.Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдыңдағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілікпен таныстыру. Барлық оқушылар қамтылды.
2023 жылдың 12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Мектеп Президенті Шарбек Нұрайымның және өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілігімен 1-4 сыныптар арасында «Ғарышқа жол ашқан күн» атты көрме ұйымдастырылды.<br />Ертеде ұлан ғайыр қазақ даласын жаудан қорғап , талай жауынгерлік жорықтарда жеңіспен оралған бабаларымыздың ержүректілігін , отансүйгіштігін бүгінгі Тоқтар мен Талғат ағаларымыздың ерлігімен теңдей бағалық артық болмайтыдай!<br />Адамзат баласының жан-жақты рухани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жеті қат Көк, Жер, нұрын төккен Күн мен Ай керек екенін олар дәлелдеп өткендей!