Меню KDT

Новости

Главная Новости

20.01.2026

"Жағымды пікірлер күні"

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де "Әлеуметтік желілердегі психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні" челленджі жоспары бойынша бүгін әрбір оқушы "Жағымды пікірлер күні" ұйымдастырылды. Осы күн шеңберінде әрбір оқушы сыныптастарына, ата-анасына, мұғалімдеріне, достарына, бауырларына және басқа да жақын жандарына жағымды пікірлер жазды.

20.01.2026

«Тәртіп – тәрбие бастауы»

Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнына сәйкес, қаңтар айы «Заң мен тәртіп» құндылығы айы аясында 2026 жылғы 19 қаңтар күні 11-сынып оқушыларымен «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында сот және полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге: Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының Әкімшісінің басшысы Кожанкулова А.Е, Бас маман сот отырысының хатшысы Ауганбаева М.Қ, Аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жолдасбеков Н.А қатысты.

20.01.2026

«Заңның 30 секундтық бейнесі»

2026 жылғы 16 қаңтарда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң және тәртіп» айлығы бойынша іс-шараларды өткізуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары «Заңның 30 секундтық бейнесі» тақырыбында бейнеролик түсірді.