Меню KDT

Новости

Главная Новости

10.04.2023

"Новоишим қазақ орта мектебі"КММ жанындағы Қызылжар шағын орталығында "Балақайлар әлемі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтт

2023 жылдың 10 сәуірінде "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ  жанындағы Қызылжар шағын орталығында "Балақайлар әлемі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты ашылу балақайлардың  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  әнұранын орындаудан басталды.  Сондай соң әр топтың тәрбиешілері балақайлармен    шығармашылық жұмыстар өткізді. Мектеп психологы Жахина А.М. ересек "Жұлдыз" тобы және мектепалды даярлық сыныптармен ойын- тренингтерін жүргізді.

10.04.2023

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

2023 жылдың 11 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 11 сынып оқушыларына Қостанай қаласындағы Байтұрсынов университеті кәсіптік бағдарлау жұмысымен келді. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра меңгерушісі Салыков Б.Р және техника ғылымдарының докторы, профессор Курманов А.К университет туралы толық ақпарат берді. Оқушыларды қызықтарған сұрақтарға жауап берді.

10.04.2023

"Көңілді" ойындар

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде апталық аясында "Балапан" кіші топта Танымдық және зияткерлік дағдыларды қалыптастыру бойынша тәрбиеші жас маман Ергалиева Шнар Саяновна бастаған сенсорикадан "Көңілді" ойындар атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметі бала үні ескеріліп бірлескен дербес іс-әрекет барысында жүргізілді. Перспективтік жоспардағы міндетке сәйкес циклограмма жасақталып дидактикалық ойын арқылы тәрбиеленушілер уақыттарын қызықты өткізді. Оқу қызмету өту барысында тақырыпқа сәйкес сергіту сәті ұйымдастырылып, заманауи технологияларды қолдана отырып әр іс-әрекетке бүлдіршіндер белсене қатысты. Іс-әрекет соңында балалар өздерін және достарын қимыл-әрекетпен бағаласа, тәрбиешінің тарапынан әрбір баланың істері смайлик арқылы бағаланып отырды. Оқу қызметі қатысқан тәрбиешілер мен балаларға өте ұнады.

08.04.2023

2023 жылдың 8 сәуірінде қыстан кейінгі алғашқы сенбілік өтті.

2023 жылдың 8 сәуірінде қыстан кейінгі алғашқы сенбілік өтті.

07.04.2023

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің 9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты

2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің  9 сынып оқушылары Аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік» күніне қатысты. Бұл іс-шарада балалар колледж ғимаратына саяхат жасап, оқу және өндірістік кабинеттермен, колледждің жабдықталған техникалық базасымен танысты. Колледжде оқытылатын және жаңадан ашылатын мамандықтар, жатақхана, төленетін шәкіртақы туралы мағлұмат алды. Кездесудің соңы студенттер ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Іс- шара ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

07.04.2023

Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы

2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1). Менің идеальды ұжымым.Дөңгелек үстел.
Мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне әсері.Кеңес.
/ Мектеп психологтары Берденова М.А., Жахина А.М./
2.)Суицид және жасөспірім / Берденова М.А./
3). 2023 жылғы 3 наурыздағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды мектепішілік есепке алу» №61 бұйрығымен танысу. /Әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н./
4).Сыныптағы тәрбие жұмысының мониторингі / ТІО Амиржанова Б.К./
5).Әр-түрлі сұрақтар
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ пікірлер тыңдалды, ұсыныстар берілді.

07.04.2023

Жас мамандар арасындағы "Толағай" эстафетасы

07.04.23 ж. “Жас маман” қауымдастығының ұйымдастыруымен  Новоишим Қазақ Орта Мектебінде “Толағай” эстафетасы өтті. Аудан және ауыл мектептерінің жас мұғалімдері қатысып, өздерінің спорттық бесенділігін көрсетті.