Меню KDT

Новости

Главная Новости

08.09.2023

Педагог қызметкерлерін 2023-2024оқу жылында марапаттауға ұсыну туралы

"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ-нің

2023 жылғы «4» қыркүйектегі

№ 2 кіші педагогикалық кеңесі  хаттамасының көшірмесі.

Күн тәртібі:

Педагог қызметкерлерін 2023-2024оқу жылында марапаттауға ұсыну туралы

ТЫҢДАЛДЫ: Мектеп директоры міндетін атқарушы А.Ргебаева.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ахмет Тания

Мектеп директоры міндетін атқарушы А.Е. Ргебаева сөзінде: Нугуманова Агайша  Коспановна Новоишим қазақ орта мектебінде 2006-шы жылдан бастап математика мұғалімі болып жұмыс істейді.  Педагог – зерттеуші санаты 2018 жылы берілді.

05.09.2023

Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған салтанатты жиын

#біртұтас_тәрбие
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Гуманитарлық бағытының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Дүйсенбин Е.Б. мектеп оқушыларын іс-шара жоспарымен таныстырып, барлықтарын белсенді қатысуға шақырды. Іс-шара барысында ағылшын, орыс және қазақ тілінде тақпақтар оқылды, күйлер орындалды. Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларды үштілдікке үйрету барысында жан-жақты көзқарасын дамыту.

05.09.2023

Қазақстан халқы Тілдері күні

5 қыркүйек күні, қазақ тіл білімінің атасы,ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде дәстүрлі Қазақстан халқы Тілдері мерекесі аталып өтеді. Мерекелі іс-шаралардың ашылуына оқушылардың поэтикалық сөйлеулері арқылы тақырыптық жиын өткізілді.

05.09.2023

Жалпықазақстандық диктант

2023 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11:00-де «Бірлік орта мектебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Иманова А.У. және КАнишева А.Қ. 4-11 сынып оқушылары, мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері арасында М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ашық жалпықазақстандық диктант өткізді.

01.09.2023

Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара

2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара өтті. Білім әлеміне алғаш рет 38 оқушы қадам басты. Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Мемлекеттік туды енгізу құқығы 9 ә сынып оқушысы Елемесов Нұрболат, 10 а сынып оқушысы Жылқайдар Шынғыс және 8 А сынып оқушысы Боранбай Таирге берілді. Салтанатты іс-шарадан кейін 1-11 сыныптарда «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндерін талқылау мақсатында 5-7 сынып оқушылары «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» тақырыбында республикалық челленджіне белсенді қатысты.

01.09.2023

Алғашқы сынып сағаты

Алғашқы сынып сағаты «Мектебім – мейірім мекені» мектептегі жаңа оқу жылына арналған маңызды және адам өміріндегі білімнің құндылығы мен жетекші рөлін айқындайтын оқиға болып табылады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті, білім алушылармен бірге білімнің рөлін, отаншылдықтың құндылығын, адамның өмірдегі еңбекқорлығын талқылау олардың мақсаты болды. Сынып сағаттарына ата-аналар қатысты.

01.09.2023

Демеушілерден сыйлықтар

1 қыркүйекте «Западное СК» ЖШС өкілі Б.Б. Кеңесбаев әрбір бірінші сынып оқушысы мен мектеп алдындағы тәрбиеленушіге мектеп сөмкелеріндегі оқу құралдарын табыс етті. «Агро Беркут» ЖШС өкілі В.Л. Онестюк мектепке жабдықтар сатып алуға 300 000 теңгеге сертификат тапсырып, бірінші сынып оқушыларына тамаша жиынтықтар сыйлады.