Меню KDT

Новости

Главная Новости

17.05.2023

«Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

<div>17 мамырда «№1 Новоишим орта мектебі» КММ базасында Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция «Сабақты зерттеу» оқушыны қалай өзгертеді», «Сабақты зерттеу: идеядан практикаға», «Зерттеу қауымдастықтары: қиын, бірақ нәтижелі» бағыттарында ұйымдастырылған. Айыртау ауданы мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 140-тан астам педагогы қатысты. Басында постерлік презентация, содан кейін панельдік пікірталас өткізілді. Модераторлар ПШО жаттықтырушысы, педагог-зерттеуші С.В.Шевченко, педагог-шебер Н.Н.Конюша, педагог-зерттеуші А.Б.Кенжебекова болды.</div><div>Пленарлық бөлімде ПШО өкілдері С.В.Шевченко, білім бөлімінің АӘК меңгерушісі А.Ж.Косумбаева, №1 Новоишим орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Кабдуллина сөз сөйледі. Конференция қарқынды және нәтижелі өтті.</div>

17.05.2023

12 мамырда Бірлік орта мектебінің шағын футбол алаңында Отан Қорғаушылар күніне арналған шағын футболдан жарыс өтті

12 мамырда Бірлік орта мектебінің шағын футбол алаңында Отан Қорғаушылар күніне арналған шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 8 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша біздің команда 1 орынға ие болды. Балалар мен жаттықтырушыны құттықтаймыз. Директор М. П. Скорняковтың атынан "ES GLOBAL AGRO" ЖШС ұйымдастырғаны және демеушілік көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз.

16.05.2023

Мектеп аумағында гүл отырғызу

Мектеп аумағында гүл отырғызу                                                                                                                                                                                            

16.05.2023

"Кемел ұрпақ" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

11 мамырда №2 Новоишим орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары үшін облыстық “Кемел ұрпақ” математикалық турнирдің аудандық кезеңінде 2 сынып оқушысы Лигай Жанель 1 орын алды. Жеңімпазды құттықтаймыз!