Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың қыркүйек айы бойы әлеуметтік педагогтардың ұйымдастырылуымен мектебіміздің бірінші қабатында «Халық денсаулығына және адамгершіліке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты ақпараттық бұрышы безендірілді. ҚР ҚК 296-бабы бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, ҚР ҚК 297-бабы есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, ҚР ҚК 299-1 бабы есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ КЕҢЕС ақпараттар көрсетілген.
Әлеуметтік педагог Т.М. Лукьянова зиянды заттарды қолданудың алдын алу бойынша 7, 8 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізді.
Учаскелік инспектор С. С. Афанасенко оқушылармен ЖКО, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы профилактикасы бойынша әңгімелесу өткізді.Зиянды заттарды қолданудың алдын алу бойынша ақпарат берілген.
2 сынып оқушыларына арналған ертегі терапиясының элементтері бар психологиялық сабақ.